Түн ішінде жүрмін жаяу
Не жазсам да көнбейді
Жалғыз қалған ойлармен
Жұлдыздар да сөйлейді
Жылытады нұр шашып
Көкжиектей көздерін
Есімде тек күлкіңмен
Сезім толы сөздерін
"Сүйем" дейсің, шын айтшы
Күліп жүрсің бе сен онымен?
Жалғыздықтан тонбайықшы
Әлде жүрсің бе сен онымен
Шуағыңды көріп бұлт өзгерді
Мен мұны бірінші байқадым
Болшы мәңгі маған күлімдеген күнім
Өмірімде көрмеген түстерді
Сенің арқаңда енді көрдім
Іздеймін көзіммен сол пәтерді
Қос қолыма мен сыймаған сезімдерді
Саған тек әкелдім
Нәрін сығып жүректің
Бар сырымды аштым
Болшы менің тұмарым
Жүректі тербететін
Болшы менің сыңарым
Бар әлемде іздеген
Түн ішінде жүрмін жаяу
Не жазсам да көнбейді
Жалғыз қалған ойлармен
Жұлдыздар да сөйлейді
Жылытады нұр шашып
Көкжиектей көздерін
Есімде тек күлкіңмен
Сезім толы сөздерін