Оберіть трек для відтворення
Сақтаған бойдағы өр намысын.
Жаңылмас жолынан жолбарысым.
Алынбас қамалдай қорғанышым, әкем!
Бір беткей қалпынан тайынбаған.
Ертеңгі күніме уайымдаған.
Аламан өмірге дайындаған, әкем!
Қаталдық көрсем де қабағынан,
Махаббат сездірдің жанарыңнан,
Әкелік жүрегің дара нұрдан, әке!
Қауырсыны болдым қанатыңның,
Тамырыңнан сенің таратылдым,
Бір тамшы қаныңнан жаратылдым, әке!
Атыңды кірлетпей өтсем деймін,
Асқар тау биігім тек сен деймін,
Арманыңа сенің жетсем деймін, әке!
Жусанындай болып боз даланың,
Тағдырдың желімен қозғаламын,
Ұқсатса өзіңе мәз боламын, әке!